Welcome to our site

Hi! My blessings and all the best greetings to my friends!

(Сәлем! Мұнда қонақ болған менің барлық достарыма береке мен игі тілектер тілеймін!)


Нұр

 

 

 

Мәңгілік бақыттың құпия кілттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбекте Жаратылыс, Болмыс, иман, адам өмірінің мақсаты, Қызыр ата т.б. тәрізді тақырыптар сөз болады. Еңбекте аталған тақырыптар догматикалық ой – сана шеңберінен асып кететін, кеңейтілген рухани сана тұрғысынан қарастырылады. Аталған еңбек идеялары кей әдеттегі ой – ұғымдарымыздың кейіне сай емес боп көрінуі мүмкін. Дегенмен, түпкі шындықты тек АллаҺ Тағала біледі. Құрандағы «Әрбір білушінің үстінде бір білуші бар» (12 – «Жүсіп» сүресі, аят 79) дейтін сөзді ұмытпалық. Сонымен бірге, Құранның «Кеһф» сүресінің 65 – 82 аяттарында баяндалған адамзаттың көпшілігіне белгілі сана шеңберінен кеңірек те заңғар сана иелері бар екенін де ұмытпайық.




 

Мазмұны

 

 

 

 

1- тарау. Адам құрылысы      
2
- тарау. Адамзат сыры                                                      

3- тарау. Әрекет құпиясы                                                                     

4- тарау. Жан құпиясы

5- тарау. Иерархия       

6- тарау. Эголық топтар

7- тарау. Мелхиседек

 

 

 


Ұлы Шақыру

 

Құдай Ақылындағы Нұр нүктесінен

Адамдар ақылына Нұр ағылсын

Иә, Нұр Жерге түссін.

 

Құдай Жүрегіндегі махаббат нүктесінен

Адамдар жүректеріне махаббат ағылсын,

Иә, Мәди Жерге оралсын.

 

Құдай еркі белгілі орталықтан

Мақсат адамдардың кіші еріктерін бағыттасын

Ұстаздар біліп, оған қызмет етер мақсат.

 

Біз адамзат деп атайтын орталықтан

Махаббат пен Нұрдың жоспары орындалсын

Және зұлымдық қақпасы мөрленсін.

 

Және Нұр, Махаббат әрі Құдірет

Жерде жоспарды қалпына келтірсін.

 

          (Жоғары Рухи энергияларды Жер бетіне әкеп, бекітер ұлы тілек – Ұстаз Д.К. арқылы адамзатқа берілген. Кез-келген уақытта іштей қайталауға болады. Айтолысу мезеттерінде қолдану ерекше игі болмақ.)                                                                

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             «...Бізге бұл Ұлы      Шайқаста кім қол ұшын берер екен?

Көмектесуші қолға демеуші болғанға Нұр жаусын.»

Ұстаз К.Х. (Кут Хуми)

(«Заңғар Жандар хаттары» кітабынан)

 

 

1.    Адам құрылысы

 

          Адам 7 денеден құралады. Бұлар – кәдімгі физикалық (көзге көрініп тұрған), эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) және монада (Рух) денелері. Адамның физикалық денесі әдетте киім киіп жүретіні тәрізді, ең жоғары адам -  монада (Рух) – та қалған денелерді (яғни,  физикалық, эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) денелерін) бірінің үстінен бірін қабаттап киіп жүреді. Монада (Рух) өз сыртынан - кәдімгі адамның сыртына киім киері тәрізді – атма денесін киеді. Кейін Атма денесі өз кезегінде буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед) денесін киеді. Одан соң ой денесі буддхи сыртынан киіледі, осы тәрізді: ментал дене астрал денені, ал астрал дене физикалық денені киеді.

          Көзге көрінетін физикалық денеден өзге денелер нәзік нұрдан тұрады, сондықтан әдетте олар көрінбейді. Өз бойында бұларды көру қабілетін ашқан адамдар ол денелерді байқай алады (Жоғары айтылғанды тереңірек түсіну үшін адам құрылысы бейнеленген 1-cызбаға назар аударыңыз).

          7 дене сәйкес әлемдерде қолданылады. Мәселен, физикалық денені біз айналамыздағы физикалық әлемде жүріп-тұруға қолданамыз. Бұл әлемнен өзге - эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) және монада (Рух) әлемдері бар.

          Әр әлемнің (не планның) өзі 7 қабатқа (планшаға) бөлінеді. Мәселен, физикалық әлемді алайық. Бұл көзге таныс (жоғары эфир қабаттарды айтпағанда), айналамыздағы әлем боп табылады. Бұл план 7 қабатқа бөлінеді: тығыз, сұйық, газтәрізді, 4-эфирлік, 3-эфирлік, 2-эфирлік, 1-эфирлік қабаттар. Физикалық әлемнің ең төменгі – тығыз – қабаты кәдімгі минералдар, тас, топырақ, құм қиыршықтары, кристалдар тәрізді қатты денелерден құралады. Физикалық әлемнің сұйық қабаты – ол барша сұйық материядан (мысалы, су) тұрады. Осы әлемнің газтәрізді қабатын газдар мен олардың түрлі қоспалары, яғни газ түріндегі материя (мәселен, ауа) құрайды. 4-эфир қабаты арқылы радио, электромагниттік т.б. толқындар тарайды. 3-эфирлік, 2-эфирлік, 1-эфирлік қабаттардың әрбірінің энергетикалық деңгейі өзінің алдындағыға қарағанда жоғарырақ боп саналады. Ол деңгейлерде сәйкесінше жоғарырақ эфир қайраты (энергиясы) түрлері таралады.

 

         

         

1- сызба Адам құрылысы  (сызба өңге тұста беріледі, Иншалла, мына сайттың күші осы арада жариялауға жетпеді).





 

 

Физикалық әлемді (оның 7 қабатын шартты түрде 2 топқа бөлу арқылы) 2 аумақты құбылыс ретінде қарастыруға болады:

 

          1. Қатты (тығыз), сұйық және газтәрізді денелер аумағы.

          2. Төмендегідей 4 қабаттан тұратын эфирлер аумағы:

              а) электр (4-эфир);

              b) прана (3-эфир);

              c) жарық (2-эфир);

              d) менталдық-шағылыстырушы (1-эфир).

 

          Физикалық әлемдегі қатты, сұйық денелер мен газдар біз оларды өз сезім мүшелерімізбен танып-білетін айналамыздағы материалдық әлемді құрап тұр. 4 эфир қабаттары болса, біз «атмосфера» деп атайтынды құрайды. Бұл эфир қабаттары Жердегі қатты, сұйық және газтәрізді денелердің бойларын кеулеп (олар арқылы еркін бойлай тесіп) өтіп тұр (Адамзатты жоғары ғарыши санаға қарай жетелеуші Киелі Шамбала осы, адам көзіне көрінбейтін эфирлік қабаттарда орналасыпты деген сенім бар).

          Адам денесінің құрылысы да 2 бөліктен тұрады:

          1. Тығыз, сұйық және газтәрізді заттардан құралған тығыз физикалық дене. 

          2. Физикалық дененің дәл копиясы боп табылатын әрі тығыз физикалық денені кеулеп тұрған эфирлік дене.

          Осы эфирлік дене тығыз физикалық денеге эфир энергияларын беріп, қайраттандырып отырады. Эфирлік дене физикалық дене үшін қайрат беретін электр тоғы көзі іспетті. Эфирлік денеде 7 энергия орталығы бар (олардың орналасу реті 2-cызбада көрсетілген). Оларды «чакра» («дөңгелек», «отты дөңгелек») деп те атайды. Бұлар жоғарырақ пландардың энергияларын қабылдап, адамның эфирлік денесінде (чакраларда, яғни өз бойларында) жинайды. Ол энергиялар сыртқы көрінеу физикалық дененің жұмыс істеуіне жұмсалады, көзге шалынбас сәуле боп сыртқы әлемге шашылады. Чакралар адам денесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін жауап береді. Жалпы, эфирлік дене – адамның нағыз физикалық денесі боп табылады, ал бізге көрініп тұрған физикалық денені эфирлік дене көлеңкесі деуге болады.

          Чакралардың 5-уі адам денесінде омыртқаны бойлай орналасып тұр (біз физикалық денеде емес, эфирлік денеде орналасып тұр деп отырмыз). Астрал денеде де чакралар бар, олардың орналасуы эфир дене чакраларының орналасуына қарағанда сәл бөгделеу.

          Эфир чакраларының 1-сі омыртқаның бітетін төменгі ұшында орналасқан. Мұны «түбірлі чакра» деп те атайды. Ол адамға өмір күшін беріп, физикалық тіршілікті қамтамасыз ететін энергияны жеткізіп тұрады. Ол қызыл түсті.

          2-чакра (қарын чакрасы) жөнінде айтсақ, ол кіндік астындағы деңгейде орналасқан. Бұл чакра физикалық жасампаздық, яғни жыныстық энергия көзі боп саналады. Түсі – сәбіз бояуы тәрізді.


2-сызба Адам чакраларының орналасуы (сызба өңге тұста беріледі, Иншалла, мына сайттың күші осы арада жариялауға жетпеді).


3-чакра  (solar plexus не Күн түйіні) диафрагмадан төмен, төменгі қабырғалар арасы маңындағы омыртқа деңгейінде, қарын артында орныққан. Түсі

– сары. Бұл чакра сана жұмысы, рационалдық (қисын, логика) ойлау әрі психикалық түйсік (яғни, сезіну) қызметі үшін жауапты. Бұл орталық астрал дененің есеп палатасы тәрізді – барлық астрал сезімдерді қоректендіруге жіберілер энергиялар осында бөлінеді.

          4-чакра (жүрек чакрасы) екі емшек ұшын ойша қосар сызықтың қақ ортасы деңгейінде орналасқан (бұл чакралардың бәрі омыртқа бойын бойлай мекендейтінін ұмытпалық). Түсі – жасыл. Бұл - мейір мен барша тіршілікке деген Жаһани Махаббат орталығы.

          5-чакра (өңеш чакрасы) тамақ деңгейі тұсында орналасқан. Түсі – аспани көгілдір. Бұл адамның бейнелеуші, шығармашылық, өнерпаздық қабілеті үшін жауапты.

          Қалған екі чакра адамның басы аумағында орналасқан. 6-чакра («Үшінші көз») маңдай ортасында, екі қабақтың ішкі шетін ойша сызықпен қосса, осы сызықтың орта тұсы маңында орналасады (өз энергиясын осы тұста шоғырландырады). Оның реңі – көк. «Үшінші көз» даналық, көріпкелдік, жоғары шындықты тауып әрі оны тани білу қызметін атқарады. Бұл чакра арқылы адамның «Жоғары Мені» - яғни Эго (Нағыз адам, Жан) – осы адамның тұлғасына (personality, личность) басшылық етеді. Жоғары пландар (көпөлшемді кеңістіктер) өмірін біздің планнан (3-өлшемді кеңістіктен) көру қабілетіне осы 6-чакра ие етеді...

          7-чакра (тәж чакрасы) адамның қақ төбесінен сәл ғана жоғарырақ орналасқан. Әдетте күлгін (фиолет) түсті боп саналады. Бұл чакра арқылы физикалық әлемде Рухани Триада энергиялары меңгеріледі. Осы чакра Жер бетіндегі адам(зат) дамуының болашақта жетуі тиіс шыңы деуге тұратын деңгейдегі рухи энергиялармен жұмыс істейді. Адамдағы Мәңгіліктің қасиеттері – соның ішінде (с.і.) ажалсыздық – осы чакра жұмыс істей бастағанда ояна бастайды...

          ...Чакраларды жасанды жолдармен (мәселен, йогалық арнайы ауа жұту жаттығулары арқылы) қатты күштей отырып оятуға тырысу – адам өміріне, денсаулығына қатерлі нәтижелерге әкелуі мүмкін. Медитация, рухи ілім жию және айналаңдағы ортаңа қызмет ету барысында олардың табиғатына зиян келтірмей оятуға болады...

          Раджа Йога медитациялық жаттығулары жоғары рухани қабілеттерді үдемелі жетілдірудің сенімді жолдарының бірі...

          Жалпы, чакралар қызметі мен табиғаты қыры-cыры мол, алуан жақты нәрсе. Бұл арада олардың кей басты түрлері ғана айтылды...

          Адам денелері киім тәрізді бірінің үстіне бірі киіліп жаралған дедік. Нағыз адам – Жан, Эго. Жан тірі Ұшқын, мөлдір Нұр кейпіндегі шар бейнесінде өмір сүреді. Жан ментал әлемінің астынан санағанда 5-қабатында тіршілік етеді. Адам өмірге туғанда осы Жан алдымен кәдімгі физикалық дененің киім кигені тәрізді төменгі ментал (нақты ой) денесін оранады яғни киеді әрі осылайша Тәурәт тілінше айтқанда «таусылмас ғұмырға жол ашар Өмір ағашы бар» жаннаттан шығады. Жанның өзі жоғары ментал материясынан жасалған. Ментал денесі – менталдық план атомдары мен молекулаларынан жасалады...

          Бұдан әрі ішінде Жан бар ментал денесі ментал планнан төмендей отырып, өз үстіне астрал денені киім ғып кию үшін астрал (сезім) планына түседі де аталған киім-денені киеді. Астрал (сезім) денесі - астрал (сезім) планы атомдары мен молекулаларынан жасалады (айтылып жатқан түсініктірек болу үшін адам құрылысы сызбасына көз салыңыз)...

          Бұдан кейін (ментал киімін, оның  үстінен астрал киімін киген) Жан кәдімгі біз білетін ет пен сүйектен тұратын физикалық денені киіну үшін физикалық әлемге (планға) түседі. Мұнда ол алдымен эфирлік атомдар мен молекулалардан құралған эфир денесін, кейінірек кәдімгі өзіміз білетін физикалық денені киеді. Бұл оқиғаны біз «адам туды», «өмірге келді» дейміз. Адам қайтыс болғанда («өлу» процесі барысында) Жан осы физикалық, кейінірек астрал, одан біраз уақыт өткен соң ментал денелерін бірінен соң бірін тастап өзінің ментал әлемінің 5-қабатындағы (ал, ол рухи өте дамыған Жан болса, онда жоғарырақтағы 6-шы қабаттағы) мекеніне оралады. Ал физикалық, астрал, ментал денелер Жан энергиясының арқасында ғана өзара бірігіп, тұтас боп бір бүтін адам тұлғасын құрап тұрғандықтан, Жан олардан кеткенде немесе Жан өз назарын (энергиясын) олардан алғанда қайтадан сәйкесінше физикалық, астрал, ментал атомдары мен молекулаларына ыдырап кетеді...

          ... Астрал әлем бөлшектері (атомдары мен молекулалары) физикалық әлем бөлшектерінен, ал ментал әлем бөлшектері астрал әлем бөлшектерінен әлдеқайда жоғары деңгейдегі энергияға ие әрі әлдеқайда нәзігірек (жұқа) боп келеді. Буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед) планы ментал планына қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейдегі энергиялардан (бөлшектерден), ал атма планы буддхиден гөрі жоғарырақ деңгейдегі энергиялардан тұрады. Осы сияқты әр жоғары план төменірек планға қарағанда жоғарырақ деңгейлі энергиялардан құралады...

          Пландар – бұл Ғарыши Парасат сатылары іспетті (Құрандағы «Мағарыж» не «Баспалдақтар» тарауы атауының бір мағынасы осы шындыққа меңзейтіндей). Ғарыши Сатылар (Тәураттағы «Йақұп – не Жақып, Якоб – ғ.с. пайғамбар сатысы») саны шексіз...

          Адам құрылысы бүкіл Ғарыш құрылысымен байланысқан және соған ұқсас жасалған...

 

2. Адамзат жаралуының сыры

 

          ...Адамзаттың – не адам патшалығының  - эволюция сатысында алатын өз орны бар. Адамзат 4-патшалық боп есептеледі. Адамзаттан эволюциясы бойынша 1 cаты төмен 3-патшалық - жануарлар – тұр. Адамдарда физикалық және астрал (сезім) денелерімен қатар ақыл-ой қабілеті болса, жануарларда тек физикалық және сезім денелері жетілген. Интеллект не ақыл-ой оларда өте қарапайым деңгейде ғана инстинкт түрінде. 3-патшалықтан тағы бір саты төмен 2-патшалық - өсімдіктер – орналасқан. Бұларда физикалық дене бар, ал сезім денесінің жетілуі өте-мөте қарапайым деңгейде. Мәселен, жануар және адам қиналысты санасымен толық сезінсе, өсімдік олай сезіне алмайды. Өсімдіктерден де 1 cаты төмен деңгейде 1-патшалық - минералдар – жатыр. Бұларда физикалық дене болғанымен, қозғалыс қабілеті жетілудің бастапқы, қарапайым сатысында ғана...

          Адамзат Жер бетінде 18,5 миллион жылдай бұрын пайда болды. Сонау қадым заманда жануар бейнелі денелерге Жоғары Өзін-өзі тану Энергиясы – Жан («Эго», «Жоғары мен», «Авгоэйд») – берілген (Бұл Адам маймылдан жаралды дегенді білдірмейді, тек өзінің ерекше эволюциялық жетілуі нәтижесінде белгілі бір жоғары деңгейге жеткен жануар бейнелі денелерге – тірі материядан істелген формаларға – Нағыз Адам (Жан) енген делініп тұр. Ал Жан мен Рухтың жаралуы – Ұлы құпияға толы уақиға. Ол туралы және жалпы Жер мен Көктердің көмес ақиқаттары жайлы Қасиетті Құранда көп сыр меңзелген яғни шифрлі түрде шектеусіз ақпарат берілген...)... Бұл Лемурия заманы болатын: ол кезде Жер бетіндегі құрылықтардың жалпы атауы Лемурия (немесе Му) еді, қазір Жерді – Гея деп атап жүр (Жалпы, біреулер Жерді Уранция, енді бірлері Шан деп те атайды. Бұл атаулар заманалар ағысына тәуелсіз, Жердің мәңгіліктегі атауы ма екен?)... Қазіргі замандағы Жер құрылықтарын жиынтық атау бойынша Ария деп те атауға болатын сияқты...

          ... Лемурия мен Ария құрылықтары дәуірлері арасында Атлантида заманы болған...

          Аталған Лемурия уақытында, Жоғары бір Өмір деңгейлеріндегі тіршілік әлемдерінен келген Рух иелері жануар формаларға Ақыл-ой қабілетінің Ұшқынын – Жан не Эгоны – берген, яғни адамшылық қасиетін бойларына дарытқан (Бұл жерде, заманалардың – мәңгіліктердің - басында Абсолюттің (өзін болмысқа, көрінеулікке немесе манифестацияға келтірмеген, көрінбейтін Құдайдың) Рухты жаратқанын есте ұстаған абзал. Рухта Құдайдың барша шектеусіз қасиеттері бар: потенциал – яғни, дән түріндегі, ұйқыдағы – күйде. Рух өз бойындағы осы Құдайи қасиеттерді толық оятып, жетілдіріп, белсендікке әкелу үшін көрінеулікке келеді. Яғни Рух өзін-өзі тануы үшін өз планынан төменгі – Атмалық, Нұр-Мұхаммед, ментал, астрал және физикалық – пландарға (әлемдерге) түседі. Бұл пландарға төмендегенде ол үстіне жоғарыда айтылғандай атмалық, Нұр-Мұхаммед, ментал, астрал және физикалық пландар материясынан тұратын киімдерді қабаттап киеді. Физикалық планға жеткенде Рух осылайша толық тұмшаланып қалады... Бұл физикалық планда Рух өмір тәжірибесін жию үшін минерал ретінде тіршілігін бастайды... Жүздеген миллион жылдардан соң Рух минералдан бірте-бірте өсімдік түріне өтеді... Тағы да өте көп ондаған миллион жылдан соң Рух өзінің сыртқы формасы (энергиясының өткізгіші) ретінде жануар тұлғасын қолдана бастайды,  яғни өсімдік кейпінен бірте-бірте жануар кейпіне өтеді... Тағы да көп миллион жылдар өте келе, Рух өз сыртқы кейпі түрінде алдыңғылардан әлдеқайда жетілген кейіп (форма) – Адами форманы қолдана бастайды... Құранда Алла Тағаланың «адамды топырақтың сыңғырлаған ең асыл түрінен алып, оған өз Рухын (демін) үрлеуі арқылы жаратқаны» жайлы баяндалғанда осы процесс те меңзеліп тұр. Осылайша, Мәңгілік Рух түбінде өз планына оралғанда, өмір сапары барысында жинаған тәжірибесі арқасында, саяхатының басына қарағанда әлдеқайда дана, күшейген түрде оралады... Рух – бұл Өмір... Минералда да, өсімдікте де, жануарда да, адамда да, асаадами тіршілік иелерінде де Өмір бар... Оларды тірі ұстаушы – осы Рух яғни Өмір Оты...). Бұл Ұлы оқиға «Даралану» не «Индивидуализация» оқиғасы деп аталады, себебі топтық-табындық инстинкт негізінде өмір сүруші тіршілік формаларына, олардың әрбірін топтан даралайтын зиялы Жоғары Индивидуум (Жан, Эго) қасиеті дарытылды...

          ...Ол ежелгі заманда пайда болған адамдар нәсілін «3-нәсіл»деп те атайды (Бұ тұста «нәсіл» сөзі «моңғолоид», «еуропоид» т.б. тәрізді қазіргі ғылым ұғымында емес, «жалпы адамзат» деген мағынада қолданылуда). Лемуриядағы 3-нәсіл бірнеше миллион жыл бойы дамыды...Бұл тым қарабайыр, жануари саналы, ақыл-ой деңгейі қазіргіден мүлде дерлік төмен тіршілік иелері еді... Негізінен физикалық дене қабілеттерін жетілдіру – ол нәсіл үшін басты мақсат саналды... Ал сезім (бұ сөздің қазіргі мағынасында) мен зия (интеллект) оларда әлі тым кенже деңгейде болатын... «Даралану» оқиғасы арқасында адамзат дамуына аса Ұлы алға жылжытушы Рухи серпін берілді...

          ...3-нәсіл заманы алдында да Жер бетінде адамзат өмір сүрген. Бірақ олардың табиғаты қазіргі бізге мәлім адамзат табиғатынан мүлде өзге болған... Оларды «эфирлік нәсілдер» дейтін... Бұлар 1-ші және 2-ші нәсілдер еді.

          ...3-нәсіл дамуы басталғаннан бірнеше миллион жыл өткенде, ол нәсіл арасында бірте-бірте рухани жағынан әлдеқайда ілгерірек дамыған, жаңа адамзат түрі қалыптаса бастады... Бұл эволюция жемісі еді... Сонымен жаңа 4-нәсіл – атланттар нәсілі - өмірге келді.

          Лемурия құрылығы Мұхит құрдымына кетіп, орынын Атлантида құрылығы басты (Лемурия топырақ апатынан, с.і. жер сілкінісі ойранынан құрыған?)...

           Әр нәсіл келесі нәсілге орын бергенде бұл оқиға уақыттың белгілі бір дәл нүктесінде болып өтпей, бірте-бірте жүзеге асады. Мәселен, қыс пен көктем алмасарда, бұл оқиға екі маусымның бір-бірімен кіріге, қоян-қолтық араласып кетуі барысында орындалады ғой: кей жерде қар-мұз жатса, кей тұста шөп-өсімдік көгеріп жатады, т.б. Адамзат нәсілдері алмасарда да олар өзара осылай араласу дәуірін бастан кешеді...

          ...Жалпы әр нәсілдің (бұларды «түбірлі нәсіл» деп те атайды) даму заманы шартты түрде 7 сатыға – немесе 7 «нәсілшеге» - бөлінеді. Әр нәсілше өз дамуы барысында осы түбірлі нәсілге қажет бір сапаны жетілдіреді...

          ... Түбірлі нәсілдің соңғы нәсілшелерінің (мысалы, 6-шы, 7-ші, кейде 5-ші нәсілшелер) өмір сүру кезеңінде келесі түбірлі нәсілдің алғашқы өкілдері өмірге кеп, аталған болашақ нәсіл жамағатын қалыптастыра бастайды... Әлбетте, бұ келесі нәсіл өкілдері өмірге озық  рухи қасиеттер мен сапаларға ие боп туады...

          Өз кезегінде, түбірлі нәсілдердің өздерінің жалпы саны – 7. Бұлардың біреуінің өмір сүру уақыты көптеген миллион жылға созылады... Мәселен, 18,5 миллион жылдай бұрын туған 3-нәсілдің кей өкілдері әлі күнге дейін Жер бетінде өмір сүруде. Оларға мысал – Австралия аборигендері... Әрине, бұл аборигендер 3-нәсілдің жетілген, соңғы нәсілшелерінің қалдығы боп табылады. Және олардың болмысына оларды қоршаған қазіргі 5-ші нәсіл тіршілігі қатты әсер етіп, терең өзгертіп жіберген - әлдеқайда алға тартқан...

          ... 4-түбірлі нәсіл гүлденген діндерді, аса дамыған өркениеттерді (с.і. қоғамдарды, ғылымды, мәдени жүйелерді, технологияларды т.б.), ірі-ірі мемлекеттерді өмірге келтірді... Мәселен, бұдан миллион жылдай бұрын оларда ерекше күшпен көтерілетін ұшу аппараттары, қазіргі ғылымға беймәлім алып толқын энергияларын шоғырландыра бағыттайтын механизмдер, өте жетілген робототехника т.б. болған...

          ...Жуықтап айтқанда, Атлантида дәуірінің орта тұсынан бастап, жануарлар патшалығынан адам патшалығына өту қақпасы жабылды, яғни жануарларға ақыл-ойға ие болу мүмкіндігін беру тиылды. Бұл қақпа өте көптеген миллион жылдардан кейін ғана толық қайта ашылмақ... Сонымен бірге адамдарға адам патшалығынан (табиғаттың 4-патшалығынан) келесі 5-патшалыққа – Жан патшалығына (асаадами эволюция әлемдерінің алғашқысына) - өту қақпасы ашылды... Бұ қақпа әлі ашық – адам балаларының алдында жатқан Ұлы Игі мүмкіндік... ...Патшалықтар арасындағы аталған қақпаларды ашып-жабу Иерархия шешімі бойынша жасалды...

... Атлантида заманында аталған қақпаның ашылу оқиғасынан бастап, адамзат өкілдері Ағару алу нәтижесінде Жан патшалығына өте бастады... Ағару (ағылшынша – «initiation», орысша – «посвящение») – адамға бұрын табиғаты беймәлім боп келген жаңа Рухи энергиялар мен қабілеттерге ие болуға жол ашатын құбылыс яғни сананың жоғарырақ деңгейге көтеріліп, ерекше кеңеюі құбылысы.

Сана кеңеюі – ол көпжақты әрі көпөлшемді құбылыс. Бұл өзгемен қатар, өзгелерді түсіну қабілетінің тереңдеуін білдірсе керек және де ешкімге қатысты өзім әрі бөтен деп бөлмейтін бүтіндік санасы Өмір ағашы боп табылатыны бұл арада көп нәрсені аңғартатындай. Мәселен, адамның өзі ұстанатыннан өзге діндегілердің (ислам, христиандық, буддизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, т.б. тәрізді) аталған өзге дінді ұстанып, Құдайды өз таңдаған дінінің жолдары арқылы тануға ұмтылуына іштей – рухани  -  рұқсат бере білуі де сана (немесе ой-өрісі)  кеңдігіне мысал бола алады.

          ...Адам эволюциясы 3 әлемде – физикалық, астрал және ментал әлемдерінде – жүреді... Жан патшалығына өту адамға өз эволюциясын келесі 2 әлемде – буддхи (немесе Нұр-Мұхаммед) және атма – жалғастыруға мүмкіндік әпереді... яғни адами эволюция аталған 3 әлемде өтсе, асаадами эволюция 5 әлемді қамтиды – бұл 5 әлемге физикалық, астрал, ментал, буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма әлемдері жатады...

          ...1-патшалық (минералдар) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол өздерінің жүріс-тұрыс (қозғалу) қабілетін жетілдіріп, өсімдік патшалығына өту яғни өсімдікке айналу.

          2-патшалық (өсімдіктер) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол сезімталдық қасиетін кемелінше жетілдіру әрі жануар патшалығына өту яғни жануарға айналу...

          3-патшалық (хаюанаттар) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол ақыл-ой қабілетін өсіріп, адам патшалығына өту яғни адамға айналу.

          4-патшалық (адамдар) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол Интуиция мен Рухани Ерік қабілетін меңгеріп, Жан патшалығына көшу. Яғни Жанмен толық бірігу, ал кейінірек Рухани Триадамен бірігу арқылы адам бейнесіндегі Рухқа айналу...

          5-патшалық (Жан әлемі, Иерархия)  өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол Жоғары Ғарыши Эволюция жолына өту. Соңғы аталған асқан да асқар жоғары Рухи жетістікке жеткендерді (Ғарыши Эволюция жолына өткендерді) «Мәңгі Жаһанкез» яғни «Мәңгілік Саяхатшы» деп те есімдейді. Олардың алдында шетсіз де шексіз шың-таңғажайып құпиялар мен сырлардың ең түпсіз қызғылықтыларын игеруге толы Жоғары Ғарыши Даму даңғылдары жатыр...       ...Ажалға бағынышты біздер - 4-патшалық өкілдері – үшін ажалсыздық қасиеті мен Мәңгілікте өмір сүру (5-патшалық - Жан әлемі, Иерархия -  өкілдерінің қасиеті) қандай қол жеткізбес дерлік биік қасиет болса, Жоғары Ғарыши Эволюция жолына өткендердің  (ішкі мәнін түсіну мүмкін емес) Тылсым Зор Рухи қасиеттеріне қол жеткізу 5-патшалық (Жан әлемі, Иерархия)  өкілдері үшін – яғни ажалсыздардың өздері үшін – сондай     дерлік қыр-сырын танып-білу мүмкін емес, алдырмайтындай алыс меже боп табылады...

         

          ...Әрине тұтас патшалық өкілдері үшін бір патшалықтан екіншісіне көшу процесі өте көп миллион жылды қамтитын уақыт аралығын алады...

          ... Адамдар үшін Зия (интеллект, ақыл-ой) адамдардың өз рухи эволюциясын үдетуге зор мүмкіндік беретін алып қару боп табылады. Себебі адами сатыға жеткен тіршілік иелерінің – яғни адамдардың – санасы медитация нәтижесінде шоғырлану мүмкіндігіне әрі өзге де қабілеттерге ие... Осы шоғырлану арқылы рух әлемдеріне жол ашылады...

          Адамдар ішінен Жан патшалығынан ары өтіп, Рух патшалығына, тіпті одан да арман кетіп Ғарыши эволюцияларға өткендері де бар. Бұлардың кейбірі тіпті, жүйедегі (Күн жүйесіндегі) жоғары ғаламшарлар адамзаттарының (Жер адамзатынан басқа) эволюциясынан да әрмен кетіп, Жүйеден тыс, Ғарыштағы Жоғары жұлдыздар эволюциясы тәжірибесінің дәмін татқан деген де мәлімет бар... Лемурия заманынан күні бүгінге дейін адамзат ішінен шығып, соңғы айтылған Рухи деңгейге қол жеткізгендер саны әрине тым, тым аз... Себебі Ғарыши эволюцияның сәйкес сатысы тым биік. Алайда оған қақпа ашық...

          ...Жер бетіндегі эволюцияға оралайық. Патшалықтан патшалыққа өтудің шешуші, соңғы кезеңдерінде, биігірек патшалыққа өтпекші төменірек патшалық өкілдері ерекше интенсивті түрде Нұр шаша бастайды... Мәселен, радиоактивті (сәуле шашатын) минералдар – бұлар өсімдік патшалығына өтуге даяр болған минералдар... Ароматты – яғни хошиіс түріндегі эфир сәулелерін интенсивті түрде шығаратын – гүлдер жануар патшалығына өтуге даяр тұрған 2-патшалық өкілдеріне мысал бола алады...

          ...Адам патшалығына өтуге даяр жануар бойынан өзге жануарларда байқалмайтын сәуле ерекше күшті шашырайды (жалпы адамға жануарлармен жанасуға – сипау т.б. -  кеңес берілмейді, себебі олардың бойынан адамдағы хаюани қасиеттерді күшейтетін тербелістер тарап тұрады). Бұндай сәулелі үй жануарларының бір қасиеті – ол иесіне, адамға ерекше берілгендік, адамға қызмет етуге құлшынып тұруы... Жалпы, жануарлар патшалығында рухи жетілуі бойынша піл, жылқы, ит пен мысық ең озық келе жатыр... Бұлардың бәрі адамға қызмет ететін мәдени (қолда өсірілетін) жануарлар. Адамға жақын жүргендіктен бұларға ақыл-ой энергиясы сәулесі дарыған, бұл олардың рухани дамуына күшейтпе дем береді...

          ...Жан патшалығына өтуге даяр адам бойынан кәдімгі көзге көрінбейтін мейірім нұры интенсивті түрде шашырайды (Қазақтың: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат», - деген мақалы терең мағыналы). 3-Ағару делінетін сана кеңеюі деңгейіне жеткендер өз бойларынан Күн сәулесіндей, адамға көрінетін аса жарық – көзге көрінсе уақытша соқыр ғып тастауы мүмкін – Нұр шашады... Бұлар – Адамзат эволюциясының алға жылжуына көмек беру ісіне толық беріліп, өздерін біржолата соған арнаған адамдар... Олар сондықтан адаспайды...

          ...Орасан-алып уақыт мәңгіліктерін қамтитын Адамзат эволюциясы дөңгелектер мен шынжырлар деп аталатын сатыларға бөліне кезең-кезеңмен жүреді. Әр шынжырда 7 планета(дағы өмір тәжірибесі), әр дөңгелекте 7 шынжыр(дағы өмір тәжірибесі), әр планетада 7 түбірлік нәсіл (өмір тәжірибесі) адамзат басынан өтеді. Қазір біз 4-дөңгелектің, 4-шынжырының, 4-планетасының (Жердің) 5-нәсілінің, 5-нәсілшесіндеміз... Арамызда 6-нәсілшенің алғашқы өкілдері де қылаң беріп қалатындай... Сондай-ақ жалпы саны 3-еу екені белгілі болған (эволюциялық мәңгілік даму периодтары деп есептелетін) Күн жүйелерінің 2-шісіндеміз... Бір Күн жүйесінің тіршілік етуі көптеген миллиард жылға созылады...

          ...Бұдан 1 миллион жылдай бұрын қазіргі 5-нәсіл – Арий нәсілі - өкілдері адамзат патшалығы ішінде пайда бола бастады («Арий» ұғымы фашистер қолданған мағынада емес, бүкіл адамзаттың белгілі бір эволюциялық ахуалын білдіретін мағынада қолданылып тұр)... Атлантида құрылығы әр-түрлі табиғи апаттардан – негізінен топан су қаптауынан – құрдымға кетіп, оны мұхит жұтты...

          ...«Нұх ғ.с. пайғамбар» (ғ.с. – «ғалейһис‑cәләм» не «Оған Алланың сәлемі болсын») деген жалпы есіммен қазіргі 5-ші, Арий нәсілі адамдарының Атлантидада дүниеге келген ең алғашқы Ағарған Рухани жетекшілері де аталады... Яғни, Атлантида топан судан құрығанда, «Нұх ғ.с. пайғамбар» жамағатынан 5-ші, Арий нәсілі халқы тараған...

          ...3-нәсіл басты мақсаты – физикалық дене қабілеттерін меңгеру және кемеліне келгенше жетілдіру еді. Хатха-йога – физикалық денені кемел меңгеру йогасы – көптеген миллион жыл бұрын осы нәсіл өкілдері арасында аталған мақсатқа жету құралы ретінде кең таралған болатын. Йоганың бұл ежелгі түрінің эволюциялық қызметі толық атқарылғандықтан, білушілердің – Ұстаздардың – қазір мұнымен айналысуға кеңес бермейтіні мәлім... 4-нәсіл  (атланттар) басты мақсаты - астрал денені кемеліне келтіре жетілдіру еді. Олар сезімталдықтарын дамытып, мақсаттарына жетті де. Алайда оларда қазіргідей дамыған зия (интеллект) қабілеті болмады. Дамыған зияға 4-нәсіл Ағарғандары ғана ие еді... Қазіргі  5-нәсіл – Арийлер – ментал (ақыл-ой) денесін жетілдірумен айналысуда... ...Интуицияны жетілдіру – келер 6-нәсілдің басты мақсаты...

 

 

3.    Әрекет құпиясы

 

          Әр әрекеттің бір нәтижесі болады. Ол нәтиже үлкенді-кішілі мөлшерде әрекет етуші адамның өзіне қайта оралып ықпал етеді. Мұны «карма» (қарымта) заңы деп те атайды... Мәселен, біреу екінші бір адамның көлемді мөлшердегі материалдық меншігін әділетсіз түрде иемденіп кетті делік: тонады, ұрлады т.б. (Осы арада айта кету керек: жыныстық тәртіпсіздік - 3-нәсілдің, ал ұрлық - 4-нәсілдің басты күнәсі болатын. Бұлар қазіргі адамзат – алдыңғы екі нәсілге қарағанда эволюциялық жоғарырақ деңгейге өткен 5-нәсіл – арасында ендігі жоқ болуы тиіс ежелгі теріс қасиеттер деп саналады). Біраз уақыттан (апталар, айлар, жылдар не келесі өмірлердің бірінде) соң әлгі ұрлықшы кенеттен үлкен зиян келтіретін оқиғаға ұшырайды – мысалы, ауыр да азапты ауруға шалдығады, не бір апаттан жарақат ап, мүгедек болады не өте жақсы көрер туғаны немесе сүйгенінен айрылады, не өзі аса үлкен материалдық шығынға ұшырайды, т.б. Яғни «біреуге ор қазса, соған өзі түседі»... Себебі жаңағы меншікті әділетсіз иемденіп кету арқылы біреуге жіберген зияншектіру энергиясы айналып кеп өзін соғады...

                                                                        

                                                                   (О)

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                3-сызба. Жазмыш не "Карма" механизмі (сызба өңге тұста беріледі, Иншалла, мына сайттың күші осы арада жариялауға жетпеді).

 

          Жазмыш не "Карма" заңы бойынша адамның басқа біреулерге бағыттаған энергиясы (ой, сөз не әрекет) түбінде өзіне оралып отырады... Ол заңның қызмет ету жүйесі 3-сызбада көрсетілген: «О» - бұл әрекет иесі. Оның босатқан энергиясы (жақсылығы не жамандығы) түбінде өзіне оралады (Шартты түрде алып түсіндіргенде, сағат жебешесі ұшының «О» сағаттан басталып, соған түбінде қайта айналып кеп отыратыны тәрізді, әр адамның да істеген әрекеті – қайраты – кеңістік арқылы саяхаттап кетіп барып, өзіне қайтады).

          ...Тағдыр не Карма заңын қарапайым тілмен түсіндіргенде: қайғыртқан - өзі қайғырады; жылатқан - өзі жылайды; өлтірген - өзі өлтіріледі (осы не келесі өмірлерінің бірінде); қуандырған – қуанады  т.б. Өмірдің бұл негізгі заңының басты ахлағы (моралі) – «Өзгелердің өзіңе не істегенін қаламасаң, өзің де оларға ондай нәрселерді істеме», - дегенге кеп саяды... Қарымта заңы механизмі бойынша әрекетші қиратқанын қалпына келтіруі, ренжіткенін уатуы, қайғыртқанын жұбатуы, өлтіргенін өмірге әкелуі (мәселен, өткен өмірде құрбан қылғанын келесі өмірде әкесі не шешесі боп туғызуы-тууы арқылы), қарызын қайтаруы, т.б. бүлдіргенінің орнын толтыруы қажет...

          ...Алла Тағаланың рахымы кең, Ұлы Кешірім иесі боп табылатыны мәлім. Бұған бұрынғы уақыттарда біреуге жапа көрсетіп ап, онысына өкінгендер үшін Жаратқанның беретін жеңілдіктері мысал бола алады. Мәселен, өткен өмірден келе жатқан адам қателіктерінің соққысын жеңілдету үшін ол (өзін кінәлі деп сезінген) адамның сәйкес шаралар қолдануына болады – ол үшін өзгелерге жақсылықтар істеуі тиіс (с.і. адамзаттың рухи эволюциясына көмекші болу?). Мысалы, жетімхана балаларына көмек ету, сұраған тіленшілер мұқтажын өтеу, өзін ренжітушілерді кешіру т.б. Тәубаға (өкінішпен Жаратқаннан кешірім сұрап, күнәға себепші сананың кесел-әдетін түзеуді сұрау, ол күнәні қайталамауға шешім шығару) келу қажет. ...Дөрекілік, әдепсіздік, киелі (дінге қатысты) нәрселерге немкетті қарау, өсек, жала т.б. сияқты сырт көзге мәні ұсақ-түйек боп қана көрінетін әрекеттер де адамға залалды карма жасайды... Ой да карма тудырады. Біреу туралы нашар ойлау, оның жағымсыз қасиеттері жайлы ой, оның «қателіктерін» сынаушы ой толқындары т.б. – бұ да карма жасайды. Себебі ой – кеңістіктен Энергияны тартушы. Шоғырланған (бір нүктеге – ойлау объектісіне - жинақталған) ой арқылы к-ө-ө-п нәрсеге қол жеткізуге болады: ойдағы белгілі бір жобаларды материализациялау (шын өмірде біраз уақыттан соң жүзеге асыру), рухани әлемдерде сәйкес затты елестету арқылы ол зат туралы толық білім алу (с.і. қазіргі ғылымға белгісіз), өзге адамдарға қолдау жіберу (жақсы тілек арқылы) т.б. Тек, өзгелерді олардың еркінен тыс (сенен көмек сұрамаса да) құтқаруға ұмтылу не осылай құтқарсам деп ой ойлау қажетсіз, себебі ондай қимыл Мәңгілік заңына сәйкеспеуі әбден мүмкін... Егер ол өзге адам сіздің туған-туысыңыз, жақыныңыз не досыңыз болса – онда жағдай басқа (дереу көмекке кеп, келісе әрекеттесу - парызыңыз).

          ...Хадистер ережелерін басшылыққа алу мұсылман жұрттары өкілдері үшін карма парыздары мен қарыздарын оңтайлы түрде  орындауға мүмкіндік берер жол боп табылады...

          ...Ажалсыздық кілті – тағдырдан, яғни кармадан азат етілуде...

 

         

 

4.          Жан құпиясы

 

 

            Әрбіріміздің ішімізде қарапайым, кәдімгі «менімізбен»  бірге Жоғарғы Мен

немесе Жан (Эго) өмір сүреді. Оны «Үнсіз бақылаушы», «Ақылдың ұлы»,

«Каузалдық (яғни себептік) дене» деп те есімдейді…   «Ақыл ұлы» мен-

талдық планда өмір сүреді. Ментал планы 2 бөлікке бөлінетінін айттық  - нақты ой

бөлігі (ментал планының 7 қабатшасының  астыңғы 4 - еуі) және абстракт ой

(үстіңгі 3 – еуі) бөлігі. Нақты ой бөлігінде адамдардың әр түрлі, алуандаған ойла-

ры өздерінің алғаш жаралған күйінде, нақты бейнеде тіршілік етеді.

Ал абстракт ой бөлігінде заттардың пішіні (формасы, сыртқы кейпі, бейнесі)

болмайды. Пішінсіздік рухани әлемдердегі өмірдің – соның ішінде буддхи,

атма т.б. пландар өмірінің - өзіндік қасиеті… Ментал планының жоғарғы

бөлігі себеп әлемі делінеді, өйткені адамдар өміріндегі оқиғалардың себебі нақ

осында бастау алады.

           Жан ментал планының астыдан санағанда 5- қабатшасында өмір сүреді.

Ол себеп әлемінде тіршілік ететіндіктен адам өміріндегі барлық оқиғалар

мен хал-ахуалдардың себебі мен өзара ішкі байланысын айқын көріп тұрады.

Демек ол адам проблемаларының шешімін де біледі; адамды не күтіп

тұрғанын, адамның әр-түрлі шешімдерінің арты неге апарарын да біледі.

           Жан өткенді, қазірді және келешекті бір мезетте көреді. Сондықтан

да Жанмен тұрақты байланысқа түсуге ұмтылу – шарапатты да ұтымды нәрсе

болмақ. Жан – біздің ең жақын Ұстазымыз. Барша Жоғарғы Рухани Ұстаздар

өз көмегі мен тәлімін негізінен адамға осы адамның жаны арқылы береді.

          Адамзаттың басым бөлігі Жанға 18,5 млн. жыл бұрын ие болды.

    Жан Лемурия заманынан бері миллиондаған жыл бойы үздіксіз тірі

келеді. Оған  шаршау, қартаю, қалғу-ұйықтау, қайғыру т.б. секілді кей адами

 қасиеттер жат. Ол ментал планында өмір сүре отырып, мына физикалық планға

(айналамыздағы көрінеу өмірге) тәжірибе жинау үшін периодты (қайталанбалы)

 түрде келіп-кетіп отырады. Бұл әлемде әрекет ету үшін оған арнайы киім керек.

Ол киім – адамның денесі, яғни биоскафандр болып табылады. Бұл

биоскафандр 3 қабаттан  тұрады. Ол қабаттарды іштен тысқа қарай

саралайық: нақты ой (ментал) денесі; сезім (астрал) денесі; физикалық (ет-сүйек)

дене. Кәдімгі киім тозғанда адамның оны тастайтыны секілді, биоскафандр

тозғанда да Жан оны тастайды. Бұл оқиғаны адамдар «өлім» немесе  «қайтыс бо-

лу» дейді (Яғни Жан назары ішкі, рухани пландарға қайтады).

   Кәдімгі адам ескі киімін тастаған соң жаңа киім киері секілді, Жан да

оқу-тәжірибесін мына әлемде әрі қарай жалғау үшін жаңа киім киіп бұ

дүниеге оралады. Бұл оқиғаны адамдар «сәби туды» немесе «жан дүниеге келді»

 дейді. Осы өмірде оқу-тәжірибе жия жүріп Жан өткен өмірлерінен келе жатқан

кармалық қарыздарын қайтарады...

         Сөйтіп әр адам миллиондаған жыл бойы жасап келе жатқан Жан яғни

Жоғарғы Мен болып табылады. Яғни кәдімгі адамның иесі, нағыз адам –

ол Эго екен.

        Жан - адам үшін дана да өте тәжірибелі Қарт Ұстаз, құтқарушы

да ең кемеңгер кеңесші...

        …Тоталитарлық билеу режимі қоғам тіршілігінің қай саласында

болмасын, мейлі саясат, мейлі дін т.б. – руханиатты жаншитын, рухтың

тіршілігі мен көрінеуленуіне айқын түрде қарсы бағытталған қимыл болып

 табылады...

        Жанның, Оның кеңестерінің кілтін қалай табамыз? Ол (яғни, Жан)

қатынас құралы ретінде сөзді – оның кәдімгі адамнан тағы бір өзгешелігі –

қолданбайды ғой!

        Жан өз ақпарын ерекше нәзік ықпалдар арқылы түсіндіреді. Жаннан әсер

алудың бірнеше әдісі бар: интуиция көмегімен; медитация (концентрлі ойлау

– жоғарғы рухани сфералардағы Нұр нүкте бейнесіндегі өз Жанын бақылау)

арқылы...

  ...Көптеген белгілі ойшылдар, соның ішінде кей ірі ғылыми

жаңалық ашқан ғалымдар, өздерін толғандырған мәселе шешімін  

түсінде тапқаны мәлім. Бұл шешімдер оларға еш нәтиже бермеген әрі көп

уақытын алған қажырлы да ұзақ ақыл-ой ізденісі (әрине мұндай жаттығу,

ізденістер олардың ойды бір нысанаға шоғырлау қабілетін жетілдіруіне

көп көмек еткені сөзсіз; ал мұндай қабілет интуицияны дамыту үшін таптырмас

 құрал боп есептеледі) кезінде емес, олардың босаңсыған, сананы толық

босатып қоя берген ұйқы кезінде келген екен (Түс жору деген бос

сөз болмағаны ма?)...

       ...Интуицияны жетілдіру – бүгінгі нәсілде адамдар үшін ең басты

эволюциялық қажеттіктердің бірі боп табылады. Интуиция арқылы

мәселелердің шешімі айқын да дәл табылмақ. Интуитивтер,

интуициясын жетілдірген адамдар – ол адамзат нәсілдерінің жетекші өкілдері,

яғни – генийлер.

        Жан табиғаты – махаббат (барша Болмыс пен тіршілікке деген себепсіз

әрі риясыз мейірім). Демек, махаббатқа толы тербелісті ұстану (сәйкес

жүріс-тұрыс) адамның өз Эгосымен интеграциялануына (ынтымақтасуына)

көп жағдай жасайды. Өз Жанымен ынтымақтасқан тұлға өз қайраткерлігінің

барша сфераларында әлдеқайда жемістірек әрекет етеді.

        Жан – тұлғадан («личность», «personality»: 1-сызбаны қараңыз) әлдеқай-

да жоғарғы энергияның  иесі (Тұлға – ол адамның физикалық, астрал

және ментал денелерінің әрқайсының тербелістерінің өзара әсерлесуі

нәтижесінде қалыптасқан оларға ортақ, біртұтас тербеліс). Жан

махаббаты – сентименттер емес;  ол - өзгелерге қатысты дұрыс ойлар мен дұрыс

сезімдер, яғни дұрыс адами қатынастар (Жан кәдімгі сезіми ғашықтық,

жақсы көру шырмалысы, сондай-ақ жек көру, қайғыру, бақытсыздық секілді

көңіл-күй ахуалдары өмір сүретін астралдық планда емес, келесі – астралдан

жоғарырақ – менталдық планда мекендейді ғой). Сонымен бірге Жан табиғаты

  Жарық, Нұр...

        Жанға адамдарды бөлу, «мен» және «өзге» деп жіктеп қарастыру жат.

Ол бар кісілерді біртұтас дене ретінде сезінеді, оның санасына нағыз бауырмалдық

 тән...

       Адамзаттың кәзіргі эволюциялық кезеңдегі  басты мақсаты –

Эголар әлемімен бірігу. Жалпы жекелеген күштер мен елдердің

тұйықталған оқшау блоктары емес, бүкіләлемдік ауқымдағы

интеграциялануға бағытталған адамдар мен халықтардың барша

ұмтылыстары мен әрекеттерінде осы қозғалыстың салдарын көреміз.

      Жанмен бірігу ісінде рухи ережелерді сақтау аса мәнді. Өйткені Жанның көркем

табиғатымен үйлесімге келу үшін нақ сондай көркем заңдарды ұстану қажет. Мә -

селен, көктен келген киелі 4 кітаптың бірі Тәураттағы Қасиетті 10 заңды алайық.

Онда Алла Тағала адамға былай деп бұйырады: «1. Маған ғана табын, аспанда,

жерде не су астында бұт жасама; 2. Бұтқа табынба; 3. Құдай есімін орынсыз (не

қалай болса солай, қате, қылмысқа жету үшін) қолданба; 4. Дін күнін

(Исламда - Жұма) құрметте (Құдайды есте ұстауға арна); 5. Әке-шешеңді

сыйла; 6. Кісі өлтірме; 7. Зина (некелілер арасын жыныстық қылмыспен бұзу

не өз некелі жұбыңа опасыздық істеу) жасама; 8. Ұрлама; 9. Бөгде адамға

жала жаппа; 10. Біреудің үйіне, әйеліне, ер не әйел қызметкеріне, малына не

қарамағындағы мүлігіне көзіңді алартпа (іштарлықпен өзіңе қалама).»

        Рухи заңдарды – мәселен, Хадистерде айтылған – сақтау адам тұлғасының

тербелісін Жан тербелісімен үйлесімге әкеп, түбінде толық бірігуге жол ашуы

тиіс... ...Жан деңгейінен түсетін ақпар физикалық миға (астралдық дененің де өз

миы бар екенін ұмытпайық) қарай төмендегенде нақты ой мен эмоциялар

(астрал) пландарынан  өтеді.

        Эмоциялық планның өзінен өткен информацияны басынан аяғына

 төңкеріп жіберетін – оптикалық линзаның өзінен өткен кескінді төңкеріп

көрсетері тәрізді - қасиеті бар. Сондықтан эмоциялық дененің (өткізгіштің)

Жаннан келе жатқан ақпарды қисайтуға бейімдігін естен шығармау абзал (мәселен,

түс көру кезінде). Түс көру кезінде эмоциялық өткізгіштің  - күнделікті

оқиғаларға қатысты сезіми реакциялар ретіндегі - өз тербелістері де

көрініс табуы мүмкін...

        Жалпы астрал дене неғұрлым сабырлы, қозғалыссыз болған сайын

 Жан ақпары физикалық миға дейін соғұрлым жеңіл әрі айқын

(бұлыңғырланбай) жетеді. Астрал дене адамның кез-келген көңіл

әсерінен мазасызданып, толқиды. Бұл мазасыздыққа – сезім денесіне

жақын орналасқандығынан – нақты ой (ментал) денесі автоматты түрде

ілеседі; соңғы жайт хаосты одан әрі өршітеді. «Сабыр түбі – сары алтын».

        Мұндай мазасыздықтан құтылудың дұрыс жолдарының бірі – астралдық

 денеге мазасыздығын тоқтатуды (жуасуды) бұйыру. Тағы бір әдісі –

назарды рухани нәрселерге аударып әкету, сонда эмоциялық планның 

жабысқақ сезім-қобалжулары ауқат жетіспеуінен өздігінен өліп бітеді

(Сана назары бір ой не сезімге ауғанда оларды автоматты түрде

энергиямен қоректендіре бастайды. «Жақсы сөз жарым ырыс» демекші,

 жақсы ой да, жақсы сезім де жарым ырыс екен…).

...Күн атар алдындағы таң арайы уақытының өте шапағатты болуында да

өзіндік бір сыр бар... Тілек тілеу уақыты... Медитацияға қолайлы...  

       Адам өз Жанын естуге әрі тыңдауға машықтанса, ол дұрыс

әрекет істеп, дұрыс ойлайтын болады; бұл оны көптеген қиындықтардан

азат етеді және оларға ұрындырмайды.

     Эго құпиялары өте, өте көп әрі аса терең...

 

 

 

 

                                       5.  Иерархия.

 

                               

  Иерархия!

 

      ...Адамзаттың эволюциясы өте ұзақ, кәдімгі адам ақылының дұрыс салмақ

тауға шамасы жетпейтін дерлік уақыттардан бері жүріп келеді...

     Артта қалған көптеген миллиондаған жылдар бойғы адамзат тарихы

Иерархияға мәлім.

     Иерархияны адамзаттың Ішкі, Рухани Жетекшілігі деп те атауға болады.

     Иерархия  мүшелері - әдетте (Ғалами) Ұстаздар мен Ағарғандардан құралады.

     Біздің планетада адамның меңгеруіне болатын 9 ағару белгілі:

1-    Ағару: «Туу»                                              6- Ағару: «Шешім»

2-    Ағару: «Ағынға ену»                                 7- Ағару: «Тірілу»

3-    Ағару: «Лашық»                                        8- Ағару: «(Ұлы) Көш»

4-    Ағару: «Безіну» («Құтылу»)                      9- Ағару: «Бас тарту»

5-    Ағару: «Уахи» («Құпияның аян болуы»)

 

...1-    ағаруға жету үшін адам көптеген сынақтардан мүдірмей өтуге тиіс        

1-    ағаруды меңгерген жан – жүрегінде адамзатқа деген махаббат біржола

орнығып, адамзатқа риясыз қызмет жолын біржола таңдаған жан.

1-    ағару мен 2- ағару арасы әдетте өте көптеген өмірді

 (инкарнацияларды -  яғни «туу (келу) - өмір сүру (тәжірибе жию)

-         өлу (оралу)» циклдерін ) қамтып, ұзаққа созылады. Бұл екі аралықта

адам астрал план тұмандары мен бұлттарындағы адасуларды бастан кешеді...


...2-    ағаруды меңгерген Жан, «Ағарған» адам – ол өзінің физикалық

және астрал денелерін толық меңгерген, бағындырған Жан. Эволюция

нәтижесінде физикалық дене өз қызметін мысалы ас қорытуды

 - қапысыз түрде бейсаналы атқаратын (яғни жұмысы сана

табалдырығынан төмен түскен, сананың бақылауынсыз жүретін) автоматқа

айналғаны сияқты, 2-деңгейлі ағарғанның астрал денесі де өз қызметін

автоматты атқарады. Ондай астрал дене әдетте мүлде мазасыз, қозғалмаған

мөлдір күйін сақтайды. Бұл мөлдірлік астрал өткізгішіне ментал, каузал

 және рухани денелер информациясын бұрмаламай физикалық миға қарай

дәл өткізуіне мүмкіндік береді. Жалпы физикалық-эфирлік, астрал, ментал,

буддхи, атма денелерінің түгелі – энергия мен ақпар өткізгіштері екенін

ұмытпайық. 2 – деңгейлі ағарғанды сезім әлемі тербелістері (барша

сезім түрлері) тартпайды, таңырқатпайды, шырмамайды. Яғни ол

 астрал план иллюзиясынан – азғырулардан – азат жан. Оның физикалық

және астрал денелері толық біріккен, ынтымақта қимылдайды.

2-    ағарту мен 3- ағарту («Лашық») араларын бірнеше кейде бір өмір-

- инкарнация  ғана бөледі.

 Өзін ізгілік жолына түсіре алмағандар, шыңырау терең эгоизм құлына айнал-

ғандар (Сол Қол жолындағылар) осы екі ортада Жоғарғы Эволюция

 Жолына кететіндерден (Оң Қол жолындағылардан) біржола айрылады...


...3-    ағаруды алғандар (бұл  ағаруды Батыс елдерінде

«Трансфигурация» яғни «(Нұрға) Айналу» деп те атайды)  Рух яғни

Монада энергиясын қолдану қабілетіне ие болады. Ондай Ағарған өз

 физикалық, астрал және ментал денелерін кемелінше бір-бірімен

біріктірген. Оған ментал планының тербелістерінің яғни әртүрлі ой 

формаларының – иллюзиялардың - әмірі жүрмейді. Ол өмірді,

Нақтылықты айқын көреді. 3- ағартуда санада орын алар

өзгерістердің тереңдігі сонша, оларды суреттеуге кәзіргі сөз

қорымызда сәйкес терминдер жоқ. Мұны түсіну үшін іс жүзінде бастан

өткеру керек. Жалпы адамзат бұл рухи даму сатысына жетуі үшін әлі көп,

көптеген миллион жыл қажет...

Рухтың (Монаданың) ерекше қасиеті – Ерік. Бұл бөгеттер дегенді

 білмейтін, себебі олармен жұмыс істемейтін Энергия. Ол

көздегенін сөзсіз болдырады.

3-деңгейлі Ағарғанның физикалық денесі көз

қарықтырар нұр шашу қабілетіне ие болады. Олардың ой әрі сезім әлемдері-

нің пәктігі мен нұрлы, мейірлілігі физикалық планда өстіп айқын көрінеді. Әрі

ол бұл қабілетін өзі қалаған жағдайда ғана өзгелерге көрсетуі мүмкін – әдетте,

аталған өзге адамдардың рухи ұмтылысына дем беру үшін... Көбіне олар бұл

қабілетті құпия ұстайды, себебі олар үшін мақтан – жат қылық...

  Оларды әрекетке сезім (қалау) не ой итермелемейді; олар Рух

импульсі негізінде жұмыс істейді. Ал Рух тек баршаның игілігі үшін жұмыс

істейді; ол өзі туралы мүлде қам жемейді...


3-    Ағарту мен 4- Ағарту («Безіну») арасы кейде 1 өмір алады, ал жалпы

сол 3- Ағарту алынған өмірде «Безіну» («Құтылу») яғни 4- Ағартуды меңгеру

мүмкіндігі де бар.


...4-    Ағарту сансарадан, яғни тағдыр дөңгелегінен, өлімге кіріптарлықтан азат

етеді. Яғни адам жазмыштан не кармадан толық бостандық алады...

          Жазмыш не Карма – миллиондаған жыл бойы адамның бұрынғы өмірлерінде және

қазіргі өмірінің өткенінде істеген істерінің (ойлары, сезімдері, әрекеттерінің),

өзгелермен қарым-катынасының жиынтық нәтижесі боп табылады. Карма заңы

бойынша адам ізгі ісі үшін ізгі, қатігез ісі үшін қатал қарымта

алуы тиіс. Өткен өмірлерде іске аспаған ойлар мен сезім-қалаулар да

карма жібін тігеді.

   Осы кармалық «жіптер» - энергиялық магниттік байланыстар

(бұл бізге мәлім физикалық магниттен әлдеқайда жоғары да әлдеқайда

нәзік магниттік энергия түрі боп табылады) - адамды өмірге еріксіз қайта

тартып әкеп тудырады: ол өткендегі өз  әрекеттерінің қарымтасын алуы

үшін. Өткен өмірлерде іске аспаған ойлар мен сезім-қалаулар да іске асуға

ұмтылып бұ дүниеге адамды шырмап, о дүниеден (астрал мен ментал

әлемдерінен) қайта тартады. Осы өмірде өтеп үлгірмеген өткен ғұмырлардан

 келе жатқан кармалық қарыздарын өтеу үшін адам еріксіз өледі. Сөйтіп ол

сансарада (3 әлем – физикалық, астрал, ментал - жиынтығында) бұғауда

ұсталады.

     Кармадан құтылу үшін  адам өткен өмірлеріндегі барша бүлдіргенін орнына

келтіріп, қарыздарын қайтаруы керек: бұл шарт 3 әлемге де қатысты

-         физикалық, астрал, ментал - орындалуы тиіс. Мысалы біреуді өте қайғыртса,

оған сонша қуаныш сыйлауы керек  немесе дәл сондай қайғыны өз басынан

өткеріп, сол қайғыртқан жанды кешіруі керек (астрал план кармасы

өтелуіне мысал); физикалық әлемде біреудің ақысын жеп кетсе не

бір затын қиратса, қарызын толық қайырып, қиратқанын орнына келтіруі

немесе құнын төлеуі керек (физикалық карма мысалы); ойша бір жоба

жасап, соның салдарынан адамдар бір зиян шексе, бұл зиянды толық

залалсыздандыруы тиіс (менталдық карма мысалы).

 4- ағарту Рух энергиясын барынша мол босатады: Монада энергиясы

 каузалдық денені – Эгоны -  қиратып, күл-талқан ғып жібереді.

  Нақ осы Эго, себептік дене, Жан адамды сансарада ұстап, еріксіз туу мен

өлу заңына кіріптар етеді.

    4- ағартуда каузалдық дене күйрейді де адам тұлғасы Рухпен – Атма

Триадасымен -   бірігеді. Адам енді бейнеленген, адам бейнесіндегі Рухқа айналады.

    Демек Қыдыр Баба – ол 4-ші не одан жоғарғы ағартуларды игерген адам.

4-    деңгейлі ағарғандарға өлім заңы жүрмейді. Олар өз еркінше бұл әлемге

 келем десе қалаған адам бейнесіне еніп (Рух энергиясын қолдану арқылы) келе

береді. Қажетсінсе қайта рухани пландарға оралады, ал жаңағы қалауы бойын-

ша жоқтан дереу пайда қылған жасанды денені дереу қайта жоқ қыла салады

(ол «маяви-рупа» не «сағым дене» делінеді).

   Рухани пландар сапалары – шындық, (үзілмес) разылық, өмір,

бірләндік (барша тірінің біртұтас екендігінің айқындығы), мәңгілік.

     Кей Шығыс елдерінде 4-деңгейлі ағарғандарды Рахаттар (не Архаттар)

 деп те атайды...


 ...4- ағартудан соң 5- ағарту айтарлықтай тез алынады. 5- Ағарту Иесі  -

Ғаламдық Ұстаз деп аталады. Ол - адамзат Ұстазы. Ғалами Ұстаз – Ерік,

Даналық-Мейірім және Парасат қасиеттерін Рух деңгейлерінде, Атма планында

кемел игерген адам.

   Бұл деңгейлердегі Тіршілік пен Парасаттың заңғарлығы сонша, егер

ондағы өмір қасиеттерін кәдімгі адамзатқа түсіндірмек болсақ, кәзіргі адамзат

өмірі мен ғылымын өсімдіктерге түсіндірудің қиындығына ұқсас қиындыққа тап

 болар ма едік, қайтер едік?..

   ...Кәзіргі адамзат (өзінің әдеттегі өмір сүру пландарынан жарты планға

 жоғары орналасқан) Жан әлемімен толық бірігуі үшін әлі 10 миллион

жылдай уақыт керек екенін ескерейік. Ал Атма планы Жан планынан

бүтін 2 планға жоғары...

    Рух Энергиясының төменгі әлемдердегі басты белсенділігі – қирату боп

табылады. Себебі, бұл әлемдердің тіршілікке бөгеу болар барша

шектеулері (осы әлемдерде кез-келген заттың төзімділік шегі бар екенін,

сыртқы не ішкі қысым одан асса ол заттың қирайтынын еске алайық) Рух

үшін  Өз өмірін тұншықтыру боп саналады. Себебі Рух еш бөгеу, шектеу

дегенді білмейді. Оның асы – Азаттық. Мына материалдық әлем қатынастары

Жоғарғы, Рух тұрғысынан қарағанда өмірді жан-жақты бұғаулап-матайтын

қапас боп табылады. Рухтың төменгі әлемдерде тек өзінің өкілі  - Эго –

арқылы ғана біліне алатыны содан. Себебі Рухтың тіке көрінуі материалдық

форманың қирауына әкеледі... Форма – Рух түрмесі іспетті.

     Әдеттегі адам үшін бұл өмірге туу, тіршілік ету – барша қызық

бастауы болса; Ұстаздар үшін бұл материалдық өмірге келу (өте сирек

жағдайда адамзат эволюциясына ерекше оң әсер етер белгілі бір істі жүзеге

асыру үшін Ғалами Ұстаз өмірге қарапайым адам тәрізді туып келуі мүмкін)

- өліммен пара-пар екенінің мәні осында...

      Өмір 3 аспектіден тұрады: Мазмұн – Сапа – Форма (кейіп, тысқы

материалдық тұлға). Адамға қатысты бұл схема келесідей жіктеледі: Рух

(толық ішкі мазмұн) – Эго (сапа) -  Форма (кейіп, сыртқы бейне яғни

көрінеу дене). Мазмұн – Сапа мен Форманы туындатар себеп. Яғни,

Рух – барша өмірдің көзі, Нағыз Өмір.

      Әр нәрсе тірі, себебі барша заттың құрылысының негізі боп

табылатын әрбір атом – тірі. Әр атом Мазмұн, Сапа, Формаға ие.

   Ғалами Ұстаз үшін Жер әлемінде енді танып-білетін еш сыр жоқ.

Бұл планетарлық тізбекте оған бәрі белгілі, ол мұндағы эволюциясын аяқтаған

адам. Ол планетарлық тізбектен азат, яғни өз эволюциясын жоғарырақ

эволюция жүріп жатқан өзге планеталық схемаларда жалғауға толық хақылы.

 Ғалами Ұстаздарды Жерде тек адамзатқа деген махаббаты-тілеулестігі ұстап

қалуда...


...6 - шы және одан да жоғарғы Ағарулардың  табиғаты кәдімгі адами

санадан мүлде биік болғандықтан оларға мүмкінінше қысқа тоқталайық.

6 - Ағаруды игергендер Жер бетіндегі тылсымдардың тылсымы –

Жерұйыққа жол тартады...


...7 - Ағару – Мәңгілік Жоғарғы (Ғарыши) Эволюцияға жолдама береді...


...8 – Ағаруды (“Ұлы Көш”) игеруші Ағарған Ғарыши Астралдық

Планға жоғарылап, қоныс аударады. Ол осы Ұлық планда саналы еңбектенуге

қабілетті...


     ...9 - Ағаруға барлық Ғалами Ұстаздардан құралатын Иерархияның

Бас Жетекшісі,  Ұстаздардың Ұстазы, адамдар мен періштелердің

(періштелер - Жердегі бізге параллель эволюция өкілдері, бұларды

Дэвалар деп те атайды) Ұстазы Имам Мәдидің (буддистер оны

Майтрейя, христиандар – Христос, үнділер – Кришна, ебрейлер –

Мошиах не Машайық т.б. деп әр ғаламдық дін өкілдері өзінше

атайды) 3 мың жыл бойы дайындалып келе жатқаны мәлім. Бұл Ағарту

«Бас Тарту» деп аталады. Неден кім қалай бас тартатынының табиғаты жайлы –

Мәди шәкірті боп табылатын бір Ғалами Ұстаз айтқанындай - 

Ұстаздардың өзі бейхабар боп отырған бұл Жер бетіндегі шектік

 Ағарту жайлы сөзімізді осымен доғаралық…

...Себебі, «Бұл саты тым заңғар»...

       

Ғарыш тіршілігін реттейтін 7 Сәуле-Энергия ағыны бар:

1-    Сәуле: Ерік Сәулесі.

2-    Сәуле: Даналық - Махаббат Сәулесі.

3-    Сәуле: Парасат, Белсенді Таным Сәулесі.

4-    Сәуле: Сұлулық немесе Қақтығыс арқылы Үйлесу Сәулесі.

5-    Сәуле: Ғылым не Нақты Білім Сәулесі.

6-    Сәуле: Идеализм не Берілгендік Сәулесі.

7-    Сәуле: Ұйым, Тәртіп не Рәсіми (Церемониалдық) Магия Сәулесі.

 

Әр Сәуленің өзіне тән қасиет-сипаты, табиғаты болады.

Бұлардың әрекеті планеталық өмірді, Күн жүйесінің өмірін

қалыптастырады.  Жердегі жылдың 4 маусымы – күз, қыс, көктем, жаз -

секілді, бұл 7 Сәуленің де өз ғарыши маусымы (көріну периоды) болады.

Мәселен, Жерде соңғы 2 мың жыл бойы дерлік 6 - Идеализм Сәулесі

үстемдік етті. Артқа қарасақ, 2 мың жыл бойы (әр-түрлі) Идея салтанаты

үшін сол идеяға берілген идеалистердің діни жорықтарын; түрлі сенім

мен нанымдар, идеологиялар үшін шайқастарды; идея үшін жан алып,

жан берген таластардан көз тұнатынын байқаймыз. Сонымен бірге

бұл Сәуленің дәуірлеген кезеңінде адамизаттың осы  идеалистік энергия

негізінде талай тамаша жетістікке қол жеткізгенін көруге болады (Мыс.,

христиан және ислам діни этикалары таралуы; осы діндер негізінде

туған қоғам өмірінің барша саласындағы тамаша жетістіктер; Қайта Өрлеу

мәдениеті, қазіргі өркениет пен руханиат т.б.).

   Кәзір 6 - Сәуле манифестациядан (көрінеуліктен) тез кетіп барады, тіпті ке-

тіп болды десек те артық айтпаспыз. Орнына 7 - Сәуле заманы қарыштай

адымдап бірер соңғы ғасыр бойы үстемдік алып келеді. Біз 6 - Сәуле Энергиясы-

ның сахнадан кетуі дәуірінде өмір сүрудеміз. Сондықтан кәзір белгілі бір идеяға,

идеалистік ағымға, идеологияға абсолютті түрде берілу көпшілік арасында

сиреп бара жатқан құбылыс екенін көреміз (Керісінше, идеялар мен идеялық

құндылықтар алуандығы мақұлданылады). 7 - Сәуле Ұйым, Тәртіп

Энергиясының салтанатын әкелуде. Барша жерде ұйым, ұйымдастыру, рет,

тәртіп, рәсім (церемониал) принциптері басымдық алуға, бағалануға

 бейімдік танытуда. Бұл принциптерді қадарынша сақтай әрі пайдалана

білген топ, адамдар  тобы мына заманда үлкен жетістіктерге қол жеткізу

мүмкіндігіне ие бола алады. (Сонымен қатар біз кәзір астрологиялық 12

белгі ішінен Суқұйғыш заманына ендік. Бұл шоқжұлдыз энергиясы

адамзатқа қазірден бастап болашақта 2 мың жыл бойы дерлік әсер етіп

отырады. Осы шоқжұлдыз энергиясының басты қасиеттерінің бірі –

топтық әрекет (немесе біріге қимылдау, ұйымшылдық) энергиясы.

 Астрология – ежелгі базалық эзотериялық ғылым боп табылады.

 Ол ғарыши   шоқжұлдыздар мен планеталардың Жерге энергетикалық ықпалын

зерттейді. Астрология – адам өмірін бүге-шегесіне дейін толық реттеу ғы-

лымы емес. Тек ғарыштық денелер толқыны әкелетін энергетикалық басым

бейімдеулерге сілтеме жасап тұрады... Қазіргі астрологияның толықтыруды

қажет ететінін де ұмытпау керек, іздегенге осы салада қажетті құралдар да бар,

қараңыз: Алиса А. Бейли. «Эзотериялық астрология»).

Біз бұл 7 Сәулелердің көрініс периодтарының Жер үшін айтылып жатқанын ұмыт-

пайық. Ал бүкіл Күн жүйесі үшін кәзір 2 - Сәуле, «Даналық –

Махаббат Сәулесі» манифестацияда. Жүйедегі бұл Сәуленің үстемдігі

 миллиардтаған жылдардан бері созылып келеді әрі келешекте сондай

ұзақ уақыттарға, 2- Күн Жүйесі пралайяға (ғарыши ұйқы, көріністен

ғайыпталу) кеткенше, созылады. Сондықтан, Жер бетінде және жалпы  Күн Жүйе-

сіндегі ғаламшарлар өмірінде Мейірім жолы – Рухи кемелдікке жеткізер ең төте

жолдың бірі саналады... Одан соң 3 - Күн Жүйесі келмек, онда басты

Сәуле      «1 - Сәуле» болады. 7 Сәуленің әуелгі 3-еуі «3 Аспект Сәулелері»

деп аталса, қалған 4-і  - «4 Атрибут Сәулелері» делінеді...

Иерархияда 1 Бөлім (Ерік Бөлімі)  түбірлік нәсілдердің тууы, өсуі және

ғайып болуы мәселелерімен айналысады – бұл процестерге дем беру

осы бөлім қолында.

2-    Бөлім (Даналық-Махаббат Бөлімі) рухани оқыту-тәрбиелеумен

айналысады. Барша эзотериялық даналық, уахилар (жоғарғы аяндар,

білімдер) мен әлемдік діндер адамдарға осы бөлім көмегімен келеді.

Тағы бір Бөлім (Парасат, Белсенді Таным Бөлімі) адамзат өркениетін

жетілдірумен айналысады: барша қоғамдық құрылым мен әлеуметтік

 ұйымдасудың жетілуі, ғылыми жаңалықтар, технологиялық прогресс

 т.б. сыртқы өркениетке қатысты нәрселерге осы бөлім шабыт береді. 

Аталған 3 Бөлім 3 Аспект Сәулесіне негізделе құралған...

   Сондай-ақ, Иерархия қарамағында әрбірі 7 Сәуленің бірі негізінде жұмыс

 жасайтын 7 Ашрам - яғни, (Ғалами Ұстаздар тәрбиесіндегі) шәкірттерді

оқытар мектеп бар.

 Иерархия адамдарды, адамзатты адами эволюциядан асаадами эволюцияға

дайындайды.                                                                                                                                                                                                                                                                   

                                              6. Эголық топтар

 

           Адамдар тіршілікте, өмірде өз сабақтарын топтық қарым-қатынастарға

түсу арқылы алады. Адамдар демек, кармалық топтарға мүше болып

табылады, яғни көптеген адамдардың өз кармалық ортасы, кармалық отбасы бола-

ды. ...Лемурия заманында адамдар Эгоға ие болған кезде  (бұл оқиға

даралану не индивидуализация оқиғасы деп аталған) Эголар туыстық топтарға

 бөлінген деген де болжам бар. (Сонда, кей Эголардың сыңары болуы да мүмкін

бе?)

    ...Жалпы, магнит және электр заңдары бүкіл ғарыштағы өмірді

 ұйымдастыратын түбірлік заңдар боп саналады...

      Эгоның түпкі нысанасы – сансарадан, яғни «туу - өлу - қайта туу»

дөңгелегінен біржола құтылу, ажалсыздыққа жету, Жер мектебіндегі

сыныптар дәрістерін тамамдап, жоғары мектептердегі дәрістер алуға көшу...

Күн Жүйесінде Жер мектебінен өзге де мектептер - өмір сүру орталары (планетар-

лық схемалар) бар... Ол мектептерде парасат иелері жоғарырақ рухи даму ілімін

алып, сәйкес өмір тәжірибесін жинақтайды.

      Жоғарғы Мен – яғни Эго – төменгі адамды рухани дамуға бағыттап өмірде

әр-түрлі оқиғаларға ұшыратып отырады. Бұны қарапайым адам көп

жағдайда біле бермейді. Эго осындай адамның рухани ары қарай дамуына

себепкер болар жайттарды – мысалы рухани әдебиетке көңіл аудару т.б.

алдын-ала жоспарлап соған киліктіреді. Эго үшін ең басты мақсат – Рухани

даму және төменгі 3 (физикалық, астрал, ментал) план эволюциясын

уақытында аяқтап, Монадамен бірігу...

    Адам тәрбиеленуінің негізінен Жерде 2 жолы белгілі – ерікті және еріксіз.

Бұл рухани дамуға да байланысты ақиқат. Әуелгі жолды таңдағандар - оны

көбіне қарт, тәжірибелі Эголар таңдайды – сыртқы әлем қызықтарының құлына

 айналмай, алғы орынға рухани қазыналарды қойып, негізінен осы соңғы үшін

күреседі. Әрине, материалдық құндылықтардың да өмірде өз лайықты орыны бар,

алайда бұлар рухани мақсаттарға жету құралы ғана...

       Еріксіз тәрбиелеу әдісін Эго уақыты жетсе де рухани өмірге көңіл қойғысы

келмейтін, өз Жанының үнсіз ықпалына бей-жай қарайтын төменгі өткізгіш

(бұл төменгі өткізгіш - кәдімгі адам, Жан киімі, тұлға) санасының жетілуін

үдету үшін қолданады.

 Сыртқы өмірге армансыз толық беріліп, өз Иесінің (Эгосының) рухи талаптарына,

жүрегінің үнсіз дауысына құлақ артпайтындарды өкініш пен азап оқытады. Мұндай

ащы ахуалға адамды түсіруді оның Эгосы әдейі ұйымдастырып отырады –

материалдық әлемдер қызығының бәрі өтпелі, соңы бар; нағыз мақсат

 (мұндағы керек дәрістерді аяқтап) рухани әлемдерге оралу екенін түсіндіру

 не есіне түсіру үшін.

      Төменгі 3 әлемге қайшылықтар парлары қасиеті тән. Яғни мұнда әр

құбылыс өз қайшылығымен қатар өмір сүреді: қуаныш-қайғы; туу-өлу;

сау-ауру; бақыт-бақытсыздық; бай-кедей; мұңсыз-мұқтаж; жас-кәрі; ер-әйел;

күн-түн т.б.

      Бұл қайшылықтар бір-бірінен ажырағысыз, бір-бірінсіз жүрмейді әрі

біреуі таусылады да міндетті түрде екіншісін әкеледі (Бұл өмірді кейде

 «О, опасыз жалған!» - дейтіні содан ба екен). Тек рухани пландарда

ғана қарама – қарсылықтар толық бірігіп, біртұтастанады. Олар әуелден солай,

тұтастық – олардың шын табиғаты. Тек төменгі 3 әлемде адам санасы –

бөлінген (бөлуші, бөліп көруші) сана боп табылады. Рухи әлемдерде

 мысалы, қуаныш/қайғы (бақыт/бақытсыздық) жойылып, мәңгілік разылыққа;

білу/білмеу - Рухи даналыққа; туу/өлу – бақи тірлікке орын береді т. б.

      Сондықтан адам өз Эгосының түп мақсатын естен шығармай, өзін

онымен толық та біржолата біріктіруге, соның істе дегенін істеуге ұмтылуы

 тиіс. Міне – нағыз бақыттың құпия кілті.

 

        Әңгіме арасында,  жоғарғы екпінмен рухи шарықтаған кей аяулы

Ұстаздар есіңе оралады. Олар Құдай патшалығынан, Иерархиядан адамзатқа

жария келген өкілдер еді. Мұндай өкіл тағдыры көбіне ауыр боп келген. Мәсе-

лен, Нұх ғ.с., Иса ғ.с., Мұса ғ.с. мен Мұхаммед ғ.с. пайғамбарлар және өзге

 де бірқатар рухани Ұстаздар есуас, бүлікшіл-көтерілісші, сиқыршы,

алаяқ, дінбүзар т.б. деп айыпталып қудаланылған. Олардың кейбірлері

азапты өліммен өлтірілген, кейбірлері жат жерлерге – мыс., Нұх ғ.с.,

Мұса ғ.с. мен Мұхаммед ғ.с. – қоныс аударып қашып құтылған (Мұхаммед

ғ.с.- ның өстіп Меккеден Мединеге қоныс аударған жылынан (хижра)

мұсылман жыл санауы басталады...)... Алайда аталған Рухи Жетекшілер

 ажалсыздық  құқына ие болса, оларға жауыққан қауымдар ақыр-соңында

күл-парша боп жойылды...   

       Жалпы, Иерархияға саналы түрде бірнеше рет қарсы шыққан адам

не адамдардың кез-келген ұйымы өздеріне-өздері өмірде үлкен бөгеттер

жасап алады. Бұл қорқыту емес. Бұл – мәңгілік ғылымға негізделген

түпкі даналықтан бастау алатын, кемел мейірімге толы кеңес - қолдау…

       Бүгінде әлемде Иерархия мен адамзат арасындағы байланыстырғыш

 көпір боп табылатын Ғалами Қызметкерлердің Жаңа Тобы қалыптасуда.

Бұлар қоғам тірлігінің барша саласында қызмет ететін адамзаттың рухани

көшбасшылары боп табылады. Бұлардың өкілдері әр елде бар...

       Рухи ізденіс жолындағы адам осындай жолға талпынушыларды тауып,

оларға қолдау білдіруі тиіс...

      ...Рухи даму 3 нәрсе арқылы болады – рухи болмыс пен рух заттары жайлы

ой жүгірту (медитация), ілім алу (рухи білім жию), қызмет ету (отбасыңа,

кәсіби ортаңа, адамзатқа)...

        Болашақ Ғаламдық Құтқарушының келуі – барша рухи жолдағы

жандардың, бүкіл адамзаттың (саналы немесе санасыз болсын бәрібір)

көптен күтіп келе жатқан қажеттігі боп табылады. Ол Құтқарушы жайлы

барша ғалами діндерде айтылған: оны – ажалсыз, жасырын имам Махди

(Мәди) немесе қиямет (кезінде келетін соңғы пайғамбар) Қайым;

христиандар – оралатын Христос; индуистер – келешек Аватара;

 буддистер – Боддхисатва не келер Будда; иудаистер не ебрейлер –

Мошиах (Мессия) ,т.б. деп күтуде.

        Иисус пен Христос – екеуі екі бөлек Рух. Иисус (не Иса ғ.с.) 

христианизм негізін салушы болса (кейінірек – Ғалами Ұстаз), христиандар

Христос (ежелгі грекше – «Құдайдың ақ батасын алған») дейтін Рух –

барша ғаламдық діндер мен рухани Ұстаздардың жетекшісі. Оны

 буддистер – Майтрея, үнділер – Вишну, мұсылмандар – Имам Мәди дейтіні

жөнінде жоғарыда айтылды... Иса ғ.с.-ны Иисус Христос дейтіні, Иса өз

уағызын жария еткенде Мәди оған дарып (бақ-құт не Рух боп қонып),

Мұхаммед ғ.с.- ға уахи жеткізген Жебірейіл періште тәрізді аян беріп

тұрған...

         Имам Мәди («көрінбейтін, көмес Имам») – бір Ислам дінінің ғана

 емес, барша рухани ұмтылушылардың Ұстазы; барша әлемдік діндер мен

эзотериялық мектептердің әуелгі демберушісі; Иерархияның Көшбасшысы.

         Имам Мәди (не Мәделі, Мәделхан) адамзаттың рухи эволюция

бойынша ең озық келе жатқан өкілі боп саналады. Адамдар арасынан

9 - Ағарту үшін арпалысу – яғни Жердегі бүкіл тіршілік үшін осынша ең терең

 де, ең биік деңгейде арпалысу тек Имам Мәди мен оның кей ең жақын

 шәкірттерінің қолынан ғана келер іс боп тұр. ...Мәдиге оның ағалары боп

табылатын, бұдан жоғары әрі әлдеқайда жоғары Ағаруларды игерген Асқақ Рух-

тар дем беруде... Өйткені, Бауырластық Заңы – ол аясы бүкіл Шектеусіз

Ғарышты сыйдыратын Ұлы заң боп саналады... 

        Ол Асқақ Рухтар өмірлерінің тұңғиық сырлылығы мен беймәлімдігі

сонша, Ол туралы Ұстаз Д.К. – ның еңбектерінің өзінде тек сирек

түрде алыстан меңзеледі.

      ...Мәселен, эзотеристерге Гермес Трисмегист (яғни Үш Есе Ұлы Гермес)

 есімі таныс. Гермес Трисмегист – заманалардың басында барша эзотериялық

 даналық пен ғылымдардың бастапқы негізін қалаған адам боп есептеледі...

       Мұсылмандарда, сондай-ақ, (өмірі соңында өлмей, Алла Тағала оны

ғайыптағы ғарыш әлемдерге алып кетті делінетін) Ыдырыс ғ.с. пайғамбар

 туралы аңыз бар...

      Тағы бір Асқақ Рухтың бас мейрамы – ол мамыр (май) айындағы айтолысу

кезіне дөп келеді. Осы толық ай туатын сәт пен түн – кез-келген

эзотерист үшін 1 жылда 1-ақ рет келетін ең жоғарғы рухи шабыт алу кезеңі

(ең жоғарғы рухи мүмкіндік сәті) боп саналады. Бұл сөткеде 24 сағат

бойы үздіксіз сөзораза  ұстап (толық сөзден әрі тағамнан тиылып) тек рухи

 тақырыптар мен пландарға іштей шоғырлану ұтымды деп қарастырылады...

    Жыл 12 айдың әр айындағы айтолысу кезеңі – Ұстаздардан рухи

шабыт алып, олармен байланысу үшін ең қолайлы уақыт боп есептеледі.

 Солардың үшеуі – сәуірдегі, мамырдағы, маусымдағы айтолулар – басты

 мейрамдар. Мамырдағы – ең түбірлі рухи мейрам. Бұнда Жоғары бір

Асқақ Рух өз рухи энергиясын адамизатқа бағыттайды. Маусым айтолуы –

Имам Мәди мейрамы боп саналады.

         Жалпы айтолуда не ай жаңа туған кезде бір тәулікке сөз бен тағамнан

тиылу әрі рухи пландарға ойша шоғырлану адамның интуициясын жетілдіреді.

Біздің нәсілдің басты сапасы –  ол нақты ақыл–ой болса, жетілген

интуиция Жан патшалығының, сондай-ақ келесі 6-нәсілдің басты қасиеті

боларын ұмытпайық. Жерде қазіргі адамзаттан өсіп-өрбитін ол 6-нәсіл ша-

мамен енді 10 миллион жылдан кейін орнығуы тиіс.



                                                          (Жалғасы бар).




 



 



 

This free website was made using Yola.

No HTML skills required. Build your website in minutes.

Go to www.yola.com and sign up today!

Make a free website with Yola